2025 жылғы 14 мамыр күні сағат 11:00-де Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, педагогикалық мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын оқу орындарының оқытушыларына арналған «Жұмыс беруші — серіктес: колледжтермен өзара әрекеттесудің тиімді модельдері мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында форсайт-сессия өтті.
Форсайт-сессияны ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім басқармасы және Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжі.
Іс-шараның мақсаты: Жұмысшы мамандықтарының дамуы, колледждердің рөлі мен еңбек нарығының сұранысы жағдайында болашақ мұғалімдерді даярлаудың басымдықтары мен міндеттерін талқылау.
Форсайт-сессияға қатысуға: Астана қаласының Білім басқармасының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, МУА Педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары, «Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжі», сондай-ақ «Менеджмент, бизнес және білім беру колледжі» ЖШС өкілдері шақырылды.
Форсайт-сессия аясында ұйымдастырылды:
✓ ашық диалог алаңы;
✓ үздік педагогтердің тәжірибесімен бөлісу;
✓ білім беру бағдарламалары мазмұнын әлеуметтік сұраныстарға сай жаңарту;
✓ студенттердің тәжірибелік дайындығына арналған жұмыс берушілермен бірлескен жобаларды әзірлеу.