Атбасар ауданында кәсіптік бағдар беру жұмысы: жастардың табысты болашағына қадам

Новости

Атбасар ауданында кәсіптік бағдар беру жұмысы: жастардың табысты болашағына қадам


    2025 жылдың 2-3 сәуірі Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжі, Атбасар ауданы мен оның ауылдық елді мекендерінде кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстарын сәтті өткізді. Осы бастама аясында колледж және «Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы» КММ бірлесіп, оқушылар мен жастарды кәсіптік білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында бірқатар кездесулер жоспарлады.
    Жергілікті мектептерге жасаған сапарлар барысында колледж мамандары білім беру бағдарламаларын таныстырып, колледжде оқуға болатын сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берді, сондай-ақ оқу аяқталғаннан кейінгі жұмысқа орналасу және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Атбасар ауданындағы жастар өздерінің болашақ мамандығын дұрыс таңдаудың жолдары мен кәсіби жетістікке жету үшін қандай қадамдар жасау керектігі туралы толық түсінік алды.
    Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжі жастармен белсенді жұмыс істей отырып, олардың мамандық таңдауында бағыт-бағдар беруге, өз мақсаттарына сеніммен жетуге көмектесуде. Осындай іс-шаралар кәсіби білікті мамандар даярлауға және өз аймағы мен еліміздің дамуына үлес қосатын адамдарды тәрбиелеуге ықпал етеді деп сенеміз.