Тәжікстан Республикасы Соғды облысының Сауда-Өнеркәсіп палатасының сапары

Новости

    2024 жылдың 27 маусымында Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжіне жұмыс сапарымен Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Тәжікстан Республикасы Соғды облысының Сауда-Өнеркәсіп палатасының өкілдері келді. Аталған іс-шара «Орталық Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін Кәсіптік білім беру» жобасы аясында өтті. Жобаның мақсаты дуальды оқыту жүйесін дамыту шеңберінде тәлімгерлік институтын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Трансшекаралық білім және тәжірибе алмасу, кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеунді. Колледждің құрылтайшысы Жомарт Қасымханұлы Қошқаров делегация мүшелерін кадрларды даярлау ерекшеліктерімен таныстырды. Сапар барысында қатысушылар тәжік және қазақстандық білім беру жүйелерін, оның ішінде «Білім беру», «Сервис және қызмет көрсету», «Ақпараттық жүйелер» бағыттары бойынша талдап, салыстырды. Талқылау барысында қатысушылар Қазақстан - тәжік ынтымақтастығының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында кадрлар даярлау процесін жетілдіруде үлкен перспективалары бар деген жалпы қорытындыға келді. Мұндай ынтымақтастық халықаралық тәжірибені ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге мүмкіндік береді.