Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжіне сапары

Новости

    2024 жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бектаевич Ғани Бейсембаев Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжіне іс-сапармен келді.

     Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжінің президенті Қошқаров Жомарт Қасымханович колледждің білім беру, ғылыми-зерттеу қызметімен, сондай-ақ одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды. Оқу орынды нығайту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісіп, жаңа буынмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

     Ғани Бейсембаев білім алушыларға ең батыл идеяларды іске асыруға, қызықты жобалар мен стартаптарды әзірлеуге, білім мен ғылымды дамытуға, адами әлеуетті арттыруға және жастарды қолдауға көмектесетін осындай оқу орындардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ колледж студенттерімен және ұстаздар құрамымен кездесті. 

    Кездесу барысында министр қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік брендке айналдыру, педагогикалық білім беру тұжырымдамасының құндылығын арттыру, мұғалімдердің мықты базасын және жас мұғалімдер қатарынан мықты кадрлар даярлау, жоғары педагогикалық этикасы бар мамандарды қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту мәселелеріне назар аударды. 

    Кездесуде студенттер мен оқытушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жоғары кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру бойынша өз ойларын ортаға салды.

     Ғани Бейсембаев Қазақстандағы бүкіл еліміз үшін жоғары білікті кадрлар даярлап жатқан педагогтарға алғысын білдірді.