Сенат депуттары студенттермен кездесті.

Новости

    Алғыс айту күні қарсаңында Мағжан Жұмабаев Халықаралық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Геннадий Геннадьевич Шиповских және Әлішер Ғапыржанұлы Сатвалдиевпен «Туған жерге мың алғыс» тақырыбында интерактивті кездесу өтті. Кездесуге белсенді студенттер мен колледж оқытушылары қатысты. Жиын барысында спикерлер Парламент Сенаты депутатының қызметі қандай екенін айтып, атқарған жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

    Кездесуде қатысушылар үшін әртүрлі сипаттағы көптеген мәселелер айтылды. Сондай-ақ студенттердің өмір сүру деңгейін арттырудағы рөлін талқылады. 

    Сонымен қатар сенат депутаттары колледждің оқу қызметімен танысты. Колледж басшысы Қошқаров Жомарт Қасымханұлы депутаттарға білім ордасының даму стратегиясын таныстырып, негізгі қызмет бағыттарына тоқталды.

    Мұндай кездесулер елдегі білім беруді дамыту жағдайын жақсарту мақсатында білім беру мекемелері мен заң шығарушы органдар арасындағы тығыз ынтымақтастыққа ықпал ете алады.

С    туденттер бүгінгі кездесуге тәнті болып, Геннадий Геннадьевич пен Әлішер Ғапіржанұлына ерен еңбектері үшін алғыстарын білдірді.

    Сондай-ақ кездесуден кейін қонақтарға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

    Кездесу естелік суретке түсумен және депутаттардың студенттерге деген жылы лебізімен аяқталды.