2024 жылдың 23 ақпанында Мағжан Жұмабаев Халықаралық жоғары колледжінің ұстаздар қауымы, «Жастар рухы» жастар қанаты өкілдері мен Парламент Мәжілісі VIII сессиясының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы Қанатұлы Асхат Аймағамбетовпен кездесу өткізілді. Бұл Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың Мағжан Жұмабаев Халықаралық жоғары колледжіне алғашқы ресми сапары болды.
Іс-шара жалпы елордалық колледждердің жастар ісі жөніндегі комитет өкілдері мамандарына, білімгерлергеде арналды. Сонымен қатар, шара «Жастар белсенділігі және болашақ мүмкіндіктері» тақырыбында өрбіді. Бұл өз кезеңінде білімгерлер үшін білім саласының қызықты тұлғасымен сұхбаттасудың бірегей мүмкіндігі бола алды.
Осылайша Асхат Қанатұлы білім беру қауымдастығына әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық сипаттағы өзекті мәселелерді еркін форматта талқылауға мүмкіндік берді. Еркін форматтағы кездесу жас мұғалімдер мен қала белсенділерін біріктіріп, жарқын әсерлер мен көптеген ой-пікірлер бере алды.
Кездесу соңында Асхат Қанатұлы қызықты да мазмұнды сұрақтары үшін ұстаздар мен білімгерлерге алғысын білдірді. Интерактивті іс-шара дәстүр бойынша жылы жүздесуді еске алу мақсатында 16-шы Білім министрімен бірлескен суретке түсумен аяқталды.