"ҰЛТТЫҚ ҰСТАЗ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯ КӨШБАСШЫЛАР" II форумы

Новости

    2023 ж. 25 желтоқсан күні Астана қаласында Ulttyq Ustaz Online Academy қалаушысы э.ғ.к.,Гулмира Аманжолқызы Курганбаеваның басшылығымен шетелдік әріптестер және республикалық білім беру ұйымдарының танымал көшбасшыларының қатысуымен жоғары деңгейде берері мол "ҰЛТТЫҚ ҰСТАЗ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯ КӨШБАСШЫЛАР" II форумы өтті. Форум жұмысына Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық колледж оқытушылары қатысты.

    Форум барысында республикалық, халықаралық деңгейде жаңа жүйедегі жобамен жұмыс жасап жатқан білім беру ұйымдарының көшбасшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, перспективалық жоспарларымен таныстырды. Форумның құрметті қонақтары: «AMANAT» партиясының хатшысы Каринова Шолпан Танатқызы, Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжіліс депутаты Абенов Мурат Абдуламитұлы, EdCrunch бағдарлама басшы және негізін қалаушысы Киясов Нурлан Муратұлы, Қазақстандық тележүргізуші, телепродюсер, медиаменеджер және танымал журналист Ләйла Сұлтанқызы т.б. білім берудегі трансформация, мектептің жаңашылдыққа бағытталуын қуана қолдайтындарын айта келіп, осы саладағы үлкен міндетті атқарушы мұғалімдер қауымы мен басшылардың істеріне сәттілік тіледі.