2023 жылғы 21 қарашада Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжде педагогикалық кеңестің отырысы өтті.

Новости

2023 жылғы 21 қарашада  Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжінің  директоры Елеусизова Раушан Хасеновнаның төрағалығымен №2 педагогикалық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша негізгі мәселелер қарастырылды.

Оқу процесін College SmartNation бірыңғай порталын пайдалануға көшіру туралы директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жансеитова Клара Сериковна сөз сөйледі. 

WorldSkills Kazakhstan чемпионатының стандарттарын практикада қолдану аспектілерін директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Кусаинова Жанар Елюбаевна баяндады.

Колледж психологы Асланова Құралай Асланқызы 1 курс студенттеріне бейімделуге арналған  сауалнамасының қорытындысы және мобильді топ жұмысының алгоритмі туралы ақпарат берді.

Бөлім меңгерушісі Кемпирова Айгүл Алтынбекқызы студенттерді аралық аттестаттауға жіберу мәселесімен сөз сөйледі. 

"Әр түрлі" сұрақтар бөлімінде оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.

Өткізілген педагогикалық кеңес оқытушыларға жеке және кәсіби өсуді дамытудың тиімді факторы ретінде магистратурада оқыту бойынша онлайн кеңес алуға мүмкіндік берді.

Педагогикалық кеңестің соңында оқытушыларға Астана қаласы әкімдігінің "Әдістемелік орталық" МКҚК басшысының алғыс хаттары табыс етілді.