Архабаева С.П. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының қалалық конкурсына қатысты.

Новости

М. Жұмабаева атындағы халықаралық колледж оқытушысы Архабаева София Перденовна техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының қалалық конкурсына қатысты.

Байқауға қатысу елорданың үздік педагогтарының педагогикалық идеяларын, бастамаларын анықтауға және озық педагогикалық тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік берді. София Перденовнаның "Мүмкіндігі шектеулі және қалыпты балаларды дамытуға арналған психологиялық ойындар мен жаттығулар" (жинақ) тақырыбындағы ұсынылған жұмысын қазылар алқасы 75 баллмен бағалады.

София Перденовна, колледждің педагогикалық ұжымы Сізді қалалық инновациялық жұмыстар конкурсына қатысуымен және сертификат алуыңызбен құттықтайды. Сізге әрқашан бәсекелестіктен, кедергілерден және қиындықтардан қорықпайтын батыл және мақсатты адам болып қалуыңызды тілейміз.