2023 жылдың 23 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжінің 2-3 курс студенттеріне «Адамгершілік білімнің қажеттілігі мен маңыздылығы» тақырыбында Астана қаласының IMEI халықаралық орталығының директоры Со Зин Укоммен кездесу өтті. Кездесу коуч түрінде өтті. Со Зин Ук мырза студенттерге адамгершілік құндылықтарға негіздеген білім беру саласы туралы айтты. Адам-ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болатындығын, студенттер оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналатындығын жеткізді.
Студенттер тақырыпқа қызығушылық білдіріп, Со Зин Ук мырзаға алғыстарын білдірді.