«Жасанды интелект: XXI ғасыр мәселесі» тақырыбында дәрісі

Новости

2023 жылы 12 сәуірде «Туран-Астана» университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және тілдік пәндер» кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессор Жиентаева Бегаим Жиентаевна «Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері» күніне орай Ғылым апталығы аясында колледж студенттеріне «Жасанды интеллект: XXI ғасыр мәселесі» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында бүгінгі ғылым кеңістігіндегі студенттердің рөлі мен басым бағыттары туралы жан жақты баяндады. Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

13 сәуірде Колледждің біттіруші студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Студенттерге «Мамандық таңдауда қателеспеу - болашақтың кепілі» тақырыбы бойынша университет жетістіктерін баяндап, ақпараттар берді және университеттің білім беру бағдарламасымен таныстырды. Колледж оқытушылар құрамы магистратураға түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат алуда белсене қатысты. Болашақ мамандардың мамандық таңдаудағы кәсіби танымдық қызығушылықтарын дамытуға үлес қосқан колледж президенті Ж.Қ. Қошқаров пен колледж директоры Р.Х.Елеусизоваға «Туран-Астана» университетінің ректоры Г.Ә.Жаппарованың атынан алғыс хаттар табысталды.