Көкшетау қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті

Новости

2023 жылдың 23-24 ақпан аралығында Көкшетау қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Конкурс төрт кезеңнен тұрды. Барлық қатысушыларды әр аймақтан келген сарапшылар бағалады.

Көкшетау жері республиканың түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды құшақ жая қарсы алды!

Мұндай байқаулардың маңызы зор, өйткені олар үздіктердің үздігі болып табылатын педагогтердің еңбегін анықтайды. Байқау еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздармен тәжірибе алмасуға, ұстаз мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді.

Республикалық байқауға Астана қаласындағы М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледжінің оқытушылары да белсене қатысты. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Капезова Баян Болатовна мен арнайы пәндер оқытушысы Жалмагамбетова Камажай Кабиденовна сарапшы-компатриот құрамында жұмыс жасады, арнайы пән оқытушысы Кеннесова Нарн Капашевна байқауға қатысып өз шеберлігімен бөлісті.

Оқытушыларды нәтижелі жұмыстарымен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!