2022 жылдың 1 қарашасында «Педагогикалық құзіреттілік: маңызы, мазмұны, талаптары» тақырыбында Жас педагогтер лигасының кезекті семинар-тренингі «ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі» ЖШС базасында өтті.

Новости

2022 жылдың 1 қарашасында «Педагогикалық құзіреттілік: маңызы, мазмұны, талаптары» тақырыбында Жас педагогтер лигасының кезекті семинар-тренингі «ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі» ЖШС базасында өтті.

           Семинар барысында қазақстандық педагогтердің кәсіби даму бағытының нұсқаулығына айналған «Педагог» кәсіби стандартының техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне қоятын біртұтас талаптары мен педагогикалық дамудың стратегиясына қатысты мәселелер қарастырылды.

         «Аттестация үрдісі - педагог құзіреттілігін арттырудың ұтымды құралы» тақырыбындағы педагогикалық тренинг жас педагогтердің өздерінің ішкі психологиялық көңіл-күйіне үңіліп, аттестацияға психологиялық дайындығының деңгейін  анықтауына,  аттестация материалдарын қалыптастыруға қойылатын біліктілік талаптарымен толығырақ танысуына мүмкіндік туғызды. 

         Тренинг  барысында ТжКБ бөлімінің әдіскері Исина Н.С. жас педагогтердің аттестация үрдісінен сәтті өтуі үшін маңызды практикалық ұсыныстар берді.

Ағымдағы оқу жылында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКБ бөлімі тарапынан «Техникалық және кәсіптік білім берудегі медиация» жобасы іске қосылды. Осыған орай, бөлім әдіскері Сейдахметова Б.Қ. жобаның негізгі идеясымен, оның педагог қызметіндегі өзектілігімен, жүзеге асырылу кезеңдерімен таныстырды.

Семинар қатысушылары медиатордың қызметінде қолданатын коммуникативтік техникаларға, даулы жағдайлар мен білім алушылардың асоциалды мінез-құлқының алдын-алу тәсілдеріне қызығушылық танытып, жоба жұмысында қатысуға ниет білдірді. 

Семинар жұмысына 60-тан астам жас педагог қатысты. Кері байланыс сауалнамасы жас мамандар үшін семинар мазмұнының танымды әрі пайдалы болғанын көрсетті.