2022 жылы 16 ақпанда КазГЮУ гуманитарлық-заң колледжінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дементьева Наталья Григорьевнамен ашық диалог форматында кездесу өтті.
Әңгімелесу барысында Наталья Григорьевна студенттерге өзінің тұлға ретінде қалыптасуы мен қызметі туралы айтып, жастарға нұсқаулар мен кеңестер берді. Сондай-ақ жастарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беріп, жиналғандарға өмірден алған тәжірибесімен бөлісіп, мотивация берді.