«Еңбек ардагері»

Біздің жетістіктеріміз

Құрметті Раушан Хасенқызы! 

    Сізді «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен шын жүректен құттықтаймыз. «Еңбек Ардагері» медалімен азаматтар әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі үшін марапатталады.

    Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жауапты қызметте жаңа табыстар тілей отырып, біліміңіз бен тәжірибеңіз қазақстандық білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және еліміздің әлеуетін арттыруға септігін тигізетініне сенім білдіреміз!

    Құрметпен, М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледжі ұжымы!