Инновациялық жұмыстар байқауы

Біздің жетістіктеріміз

    2023 жылдың 7 желтоқсанында Астана қаласындағы колледж оқытушыларының қалалық инновациялық жұмыстары байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.

    Барлығы 19 колледжден 62 оқытушы қатысты. Сараптама комиссиясының құрамына «Талап» КЕАҚ, Астана қаласы бойынша ФАО «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қала әкімдігінің «Әдістемелік орталық» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының өкілдері және Астана қаласының тәжірибелі ТжКБ оқытушылары кірді. .

    Жиналған ұпайлар негізінде «Бағалау қызметі және кері  байланыс жұмыстарының кешені» бағыты бойынша үшінші дәрежелі диплом М.Жұмабаев атындағы  халықаралық колледждің арнайы пән оқытушылары Бургегулова Капия Касымовна және Жұмкенова Әлия Дәулетқызына берілді.