Қараша айында Астана қаласы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының инновациялық жұмыстарының қалалық байқауы өтті. М. Жұмабаев атындағы халықаралық колледж оқытушысы Архабаева София Перденқызы да өз бағын сынап, аталған жобаның «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім» бағытына "Мүмкіндігі шектеулі және қалыпты балаларды дамытуға арналған психологиялық ойындар мен жаттығулар" жинағын бәйгеге салды.
Осы оқу-әдістемелік жұмыстың мақсаты-мектепке дейінгі ұйымдардағы өскелең ұрпаққа игертетін білім беру жүйесінде бала денсаулығына, психикасына, физиологиялық дамуына кері әсер бермейтіндей, керісінше баланы осы процеске тартуда қолданатын психологиялық ойындар мен жаттығулар ұсынылды.
Сонымен қатар, мектепке даярлау барысында психологиялық, педагогикалық дайындығын тексеруге бағытталған жұмыстар ұсынылды.
София Перденқызы сізді қалалық инновациялық жұмыстар конкурсына қатысып, сертификат алуыңызбен құттықтаймыз! Сізге толағай табыстар тілей отырып, шығармашылық белестерді бағындырады деп сенеміз!