М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледждің оқытушылары Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” МКҚК басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Біздің жетістіктеріміз

Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері үшін өткізілген “Тарихқа бастар бір қадам” қалалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледждің оқытушылары Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” МКҚК басшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Педагогикалық ұжым әріптестеріміз - Елеусізов Ербол Ибрагимұлын, Ыдырыс Жанна Белбейқызын, Тайшығара Назымгүл Өмірбекқызын, Момбек Гүлнұр Әмреқызын, Ибраймов Нартай Берікұлын, Ізтілеу Гүлзат Дастанқызын, Аманбекова Тоқжан Бекболатқызын, Мақыбаева Әсел Кенжебекқызын, Рахимов Азамат Әуесханұлын құттықтайды және жаңа белестерді бағындыруын тілейді