М.Жұмабаева атындағы халықаралық колледжінің жас маманы Жұмкенова Әлия Дәулетқызы қалалық «Үздік жас педагог – 2023» байқауына қатысты. Әлия Дәулетқызы оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалануға ұмтылған арнайы пән оқытушысы. «Менің мамандығым – педагог» визиттік карточкасы жас маманның педагогикалық, ғылыми, әдістемелік және сабақтан тыс қызметінің нәтижелерінің динамикасы туралы түсінік берді. Инновациялық технологиялар мен цифрлық ресурстарды пайдаланатын сабақтың фрагменті келесі критерийлер бойынша бағаланды: жаңашылдық және тақырыпты ашудың тереңдігі, материалды баяндаудағы әдістемелік әдістердің әртүрлілігі, орындылығы және өзіндік ерекшелігі, студенттік белсенділіктің жоғары қарқындылығын құру және қолдау қабілеті, өз бетінше ізденіс әрекеттерін ұйымдастыра білу, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті.
Жас маманымыз Әлия Дәулетқызын қалалық байқауға лайықты қатысуымен құттықтаймыз, жалпы жинаған ұпай саны – 174.
Әлия Дәулетқызы, колледждің бүкіл оқытушылық құрамы сізді құттықтай отыра, зор денсаулық, оптимизм, жарқын шығармашылық идеялар және олардың алдағы кәсіби қызметіңізде сәтті жүзеге асуын тілейді!