Талапкерлерге әңгімелесуге арналған сұрақтар

Талапкерлерге сұрақтар

Талапкерлерге  әңгімелесуге арналған  сұрақтар

Құрметті талапкер!

 

Сізден  төменде берілген  сұрақтарға жауап беруіңіз сұралады. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікіріңізді еркін білдіргеніңіз жөн.

 

1. Педагогикалық мамандық — қазіргі уақыттағы ең белгілі мамандықтардың бірі, осы мамандық басқа да мамандықтарды анықтайды деген оймен келісіз бе?

2. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

3. Бұл мамандықты тандауыңызға сізге себеп болған жағдай?

4. Қоғамдағы мұғалім мамандығының беделін сипаттаңыз

3. Сіздің  педагогикалық мамандықты таңдауыңызға оқу орнында оқитын достарыңыздың ықпалы бар ма?

4. Сіз болашақ мамандығыңызға  байланысты мерзімді басылымдарды оқыдыңыз ба?

5. Сіз мұғалім мамандығының қиындықтары туралы не білесіз?

6. Мамандық таңдауға асығудың қажеті жоқ деп ойлайсыз ба?

7. Сіз болашақ мамандығыңызды өз еркіңізбен таңдадыңыз ба? Әлде ата-ана немесе басқа адамдар мәжбүр етті ме?

8.Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет?

9. Мұғалімдік мамандыққа жүрек қалауыңызбен келдіңіз  бе?

10. Сіз өзіңіз таңдаған оқу орнына түсу шарттарын білесіз бе?

11. Сізге үнемі адамдар арасында болу ұнайды ма?

12. Сіз ұжымдық ойындарға қатысуды ұнатасыз ба?

13. Сіз бейтаныс адамдар арасында өзіңізді жайсыз  ұстайсыз ба?

14. Сіз дау-дамайда өз пікіріңізді қорғауға  тырысасыз ба?

15. Сіз таңдаған оқу орны туралы ақпараттарды қайдан алдыңыз?

16. Мұғалімнің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?

17. Жаңашыл мұғалім ретінде қандай жаңа идеяларды ұсынар едіңіз

18. Сіздің хоббиіңіз бен бос уақытыңыздағы әрекетіңіз мамандыққа байланысты ма?

19. Сіз таңдаған мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы білесіз бе?

20. Сізге қазіргі оқыту үрдісіндегі жаңалықтар ұнай ма? Өз пікіріңізді айтыңыз.

21. Педагогикалық колледжде  оқу сізге өмірлік мақсаттарға жетуге көмектеседі деп ойлайсыз ба?

22. Нағыз мұғалім өз студенттері үшін қандай болу керек?

23. Сіздің қабілетіңіз таңдаған мамандығыңызға сай келеді ме?

24. Болашақ мамандығыңызға сай бойыңызда қандай қасиеттер бар деп ойлайсыз?

25.Таңдаған мамандығыңыз жауапкершілікті талап етеді деп ойлайсыз ба?

26. Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру үшін ізденіс қаншалықты маңызды?

27.Мектеп қабырғасында оқып жүріп облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатыстыңыз ба?

28.Мамандықты дұрыс таңдау үшін «қаладым, ұнайды» деген сөз жеткілікті ме?

29.Болашақ мамандығыңыз туралы кімдерден кеңес алдыңыз?

30. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады деп ойлайсыз?