Елеусизова Раушан Хасеновна – директор

Әкімшілік


Елеусизова Раушан Хасеновна –  Мағжан Жумабаев атындағы халықаралық колледжінің директоры,  химия  пәнінің бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты оқытушысы

Қазақ, 1962 жылы 06 шілде айында Кокшетау облысы  Красноармейск қаласында туған. Жоғары білімі бар:  Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультеті,  «Химик. Химия пәнінің оқытушысы», Білім беру жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі – 39 жыл, Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру  жүйесінде 14 жыл, басқарушы лауазымында – 27  жыл. Республикалық газет және журналдар, конференциялар жинақтарының беттерінде басылымдары бар.   Марапаттары: Ы.Алтынсарин төс белгісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Алғыс хаты, Астана қ.  Білім басқармасы мақтау қағаздары және  алғыс хаттары. Отбасы жағдайы: тұрмыста, 2  бала тәрбиелейді.