Қошқаров Жомарт Қасымханұлы - президент

Әкімшілік


Қошқаров Жомарт Қасымханұлы - "Мағжан Жұмабаев атындағы

халықаралық колледжі" ЖШС президенті

Қазақ, 1970 жылы 31 тамызда Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 1994 жылы Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіптік өндіріс инженерлері институтын, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Жалпы еңбек өтілі - 37 жыл, педагогикалық еңбек өтілі – 32 жыл, басшылық лауазымдарда - 32 жыл. Жамбыл облысында Университетте 20 жыл ректор болды.

Шетелдік журналдардың беттерінде, республикалық журналдарда, халықаралық конференциялардың жинақтарында жарияланымдары бар. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" белгісімен, "Ы.Алтынсарин" төс белгісімен, ІІІ дәрежелі "Атамекен" медальімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальімен,ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Үйленген, 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.