ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ШАРТ Анталия туризм академиясы (Түркия) және «Магжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжі» арасында

Әдістемелік жұмыс

    Тараптар өзара терең құрмет пен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып, білім беру және туризм саласындағы екіжақты байланысты нығайтуға бағытталған әріптестік туралы шарт жасасқанын қуана хабарлаймыз!

    Аталған келісімнің негізгі мақсаты – академиялық және мәдени алмасуды дамыту, туристік сала мамандарын даярлау сапасын арттыру, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын, тағылымдамаларды, ғылыми-зерттеу және ағартушылық жобаларды іске асыру болып табылады.

    Бұл шарт екі тараптың студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, кәсіби көкжиектерді кеңейтуге, халықаралық озық тәжірибені енгізуге және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың берік негізін қалауға жол ашады.

    Тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуға уағдаласты:

студенттер мен оқытушыларға арналған алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру;

бірлескен конференциялар, семинарлар және шеберлік сабақтарын өткізу;

бірлескен оқу және зерттеу жобаларын жүзеге асыру;

туризм және қонақжайлық саласындағы кәсіби құзыреттерді дамыту.

    Аталған шартқа қол қойылуы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы сияқты достас елдердің білім беру бастамаларын біріктіру жолындағы маңызды қадам болып табылады және екі оқу орны арасындағы мәдени әрі кәсіби байланысты нығайтуға ықпал ететін болады.