2025 жылғы 16 мамырда басталған «WorldSkills Astana-2025» аясында елорданың 15 колледж алаңында 300 қатысушы 49 құзыреттілік бойынша бақ сынасты. Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледж студенттері үшін өз шеберліктерін төрт құзыреттілік бойынша көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
WorldSkills — бұл тек кәсіби шеберлік байқауы ғана емес, сондай-ақ тәжірибе алмасу, жаңа таныстықтар мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік мамандармен достық орнату алаңы. Мұндай жарыстарға қатысу студенттерге өзіне деген сенімділікті арттырып, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды игеруге көмектеседі.