2025 жылғы 30 сәуірде Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжінде «Мектепке дейінгі ұйымдарда біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу жолдары» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар-практикум өтті.
Бұл білім беру іс-шарасы мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған, біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы жаңа диалог алаңына айналды.
Семинар-практикумның ашылу салтанатына педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жұмабекова Ф.Н., сондай-ақ «Әдістемелік орталық» ШЖҚ КМК әдіскерлері – инклюзия және арнайы педагогика бөлімінің әдіскері Каримова А.К., мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Боранбаева М.С., Астана қаласы әкімдігінің №5 «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Жолбарысова М.А. қатысты.
Семинардың пленарлық бөлімі Астана қаласы әкімдігінің №5 «Ақбота» балабақшасымен меморандумға қол қоюмен аяқталды.
Оқу ордасында төрт бағыт бойынша секциялық жұмыстарға арналған тақырыптық аймақтар ұйымдастырылды:
• «Цифрлық әлемде қауіпсіз адам» (секция модераторлары: Архабаева С.П., Төлеубаева Н.Т.);
• «Ұшқыр ой алаңы» (секция модераторлары: Кеннесова Н.К., Оразбек Ж.Ә.);
• «Біртұтас тәрбие – саналы ұрпақ тәрбиелеу құралы» (секция модераторлары: Сүлейменова А.У., Топан Ж., Иманбай Н., Рахимбердин Н.М.).
Секциялық отырыстар барысында спикерлер өзекті және мазмұнды баяндамалар жасады.
Семинар-практикумға Астана қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 100-ден астам педагогі қатысты.