2025 жылғы 9 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының ТжКБ бөлімі қалалық оқу-әдістемелік кеңеспен бекітілген авторлық материалдар негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтерінің тәжірибесін тарату мақсатында вебинар ұйымдастырды.
Тікелей эфирге Астана қаласы, Павлодар және Қостанай облыстарынан оқу-әдістемелік материалдардың авторлары қатысты.
Авторлық бағдарламалар негізінде тәжірибе таратуға арналған вебинар білім мен тәжірибе алмасуға, бағдарламалар сапасын арттыруға, желілік өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға, жаңа ақпаратты меңгеруге, кәсіби дағдыларды дамытуға, жаңа идеяларды ынталандыруға және инновацияларды енгізуді қолдауға мүмкіндік берді.
Республикалық вебинарға М. Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары Бургегулова К. К.. мен Иманбай Н. қатысты.