Заманауи оқытушы – уақыт талабы

Әдістемелік жұмыс

    Мағжан Жұмабаев  Халықаралық жоғары колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шекербек А.А. Huawei Talent платформасындағы «AI Basics: Overview of AI (Kazakh)» онлайн курсын сәтті аяқтады.

    Оқу нәтижесі бойынша оған жасанды интеллект саласындағы базалық білімді меңгергенін растайтын халықаралық сертификат табысталды.

    Колледж заманауи талаптарға сай кәсіби деңгейі жоғары, жаңашыл оқытушыларымен мақтанады.