«Қарызсыз қоғам» жобасының қаржылық сауаттылық жөніндегі сарапшысы Рауан Ерғалиев Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжінің оқытушыларына қаржылық сауаттылық бойынша курс жүргізді. Оқыту барысында әр түрлі жастағы және біліктілік санаттарындағы оқытушылар құрамы сарапшының жетекшілігімен жеке қаржыны басқарудың негізгі тақырыптарын талдады: «Қарыздар мен несиелер», «Қаржылық қауіпсіздік жастығы», «Төрт конверт әдісі» және тағы басқалар. Бұл курстар шығындарды бақылауға және бюджетті басқаруды жақсартуға, кірістерді санаттар бойынша бөлуге бағытталған. Курс қатысушылары алынған ақпараттың практикалық құндылығын атап өтті және алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануды жоспарлап отыр. Әрине, мұндай курстар азаматтарға өз қаражаттарын басқаруды саналы түрде жүргізуге және қажетсіз қарыздардан аулақ болуға, қаржылық тұрғыдан сауатты болуға көмектеседі.