2024 жылдың 14 мамырында Мағжан Жұмабаева Халықаралық Жоғары колледж оқытушылары "Арнайы пәндерді оқытуда ағылшын тілін енгізу ерекшеліктері" атты қалалық семинарға қатысты.
Іс-шараның мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндерді оқытуға ағылшын тілін енгізу бойынша эксперименттік алаң шеңберінде тәжірибе алмасу.
Шет тілдерінің оқытушылары Абилкадирова Замзагуль Амирханова мен Слатова Жупархан Тусупбековна баяндама жасады.
Қорытындылау кезінде қатысушылар арнайы пәндерді оқытуда ағылшын тілін енгізудің ерекшеліктері мен қиындықтары туралы пікір алмасты, сондай-ақ педагогтардың ұсынылған тәжірибесінің өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті.