М. Жұмабаева атындағы халықаралық колледжінде «Тарихқа бастар бір қадам» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысы «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: дәстүрлер мен новациялардың өзара әрекеттесуі», «Қазақстанның болашағы: дамудың әлеуметтік-экономикалық векторлары», «Ғылым мен инновация – заманауи білім негізі, Тәуелсіздіктен бастау алған ұрпақ: фактілер мен зерттеулер» атты төрт бағытта ұйымдастырылып, әр бағыт бойынша колледж педагогтері мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылды.
Іс-шара барысында тарихшы-моделист, гуманитарлық ғылымдар магистрі Абдрахманов Серік Амангелдіұлының ұсынған «Өнер – өмір өрнегі, тарихтың өшпес іздері» көрмесі конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, ғылым мен өнер арасындағы тығыз байланысты паш етті.
Конференцияға 100-ден аса адам қатысты.
«ТАРИХҚА БАСТАР БІР ҚАДАМ» ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ЕРЕЖЕСІ
«ТАРИХҚА БАСТАР БІР ҚАДАМ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЖИНАҒЫ