Негізгі мәлімет

Негізгі мәлімет

    

    Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжі (бұрынғы ҚазГЮУ Гуманитарлық-заң колледжі) 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласы бойынша Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті берген № KZ47LAM00000614 мемлекеттік лицензиясы негізінде өз білім беру қызметін жүзеге асырады.

    Колледждің оқу корпусы 3 қабаттан тұрады, жалпы ауданы – 5928 шаршы метр, жобалық қуаттылығы – 3384 адам. Колледжде 34 оқу аудиториясы, 150 орындық акт залы, 183,6 шаршы метр спорт залы, 216 шаршы метр аумағы бар 200 орындық асхана орналасқан. Кітапхана қоры 37161 дана кітаптан тұрады, электронды оқу залы 72 орынға есептелген. Сонымен қатар, 2 компьютерлік сынып, лингафон кабинеті, бағдарламалау кабинеті, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша ресурстық орталықтар жұмыс істейді. Колледждің ресми сайты: http://zhumabayev.kz.

    Колледжде барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жеделдететін локалды желі орнатылған. Негізгі ұйымдастырушылық құжаттар: жарғы, қызметтің жекелеген бағыттарын реттейтін ережелер, оқу процесінің жылдық кестесі, МЖМБС, үлгілік және жұмыс оқу жоспарлары, сабақ кестелері, штаттық кесте.

    Колледждің нормативтік-құқықтық базасын құруда әкімшілік Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және қолданыстағы заңнамалық-нормативтік құжаттарға сүйенді. 2020 жылдың қазан айында колледж алты мамандық бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан өтті. Білім беру қызметі күндізгі және сырттай оқыту түрлерінде жүргізіледі.

    Оқыту тілі: мемлекеттік және орыс тілдері. Колледж жарғысы негізінде еңбек шарттары, ішкі еңбек тәртібі ережелері, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер бекітілген. Колледждің қызметі перспективалық жоспарларға сәйкес жүргізіледі және жүйелі сипатқа ие.

    Колледждің штаты кәсіби деңгейі жоғары, шыдамды, жұмыс істеуге ынтасы зор білікті оқытушылардан құралған. Колледжде іскерлік, шығармашылық атмосфера қалыптасқан, бұл тұрақты педагогикалық нәтижелерге қол жеткізудің маңызды шарты болып табылады.

    Педагогтердің сапалық құрамы:

экономика ғылымдарының докторы, профессор – 1;

педагогика ғылымдарының кандидаттары – 2;

магистрлер – 43;

педагог-зерттеуші – 7;

педагог-сарапшы – 10;

педагог-модератор – 12.