Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы № 65 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжге таныстыру мақсатында барды. Сапар барысында оқушылар ұсынылған мамандықтар, қабылдау шарттары, құжаттарды қабылдау мерзімі және қабылдау ережелері туралы ақпарат алды.
Балалар үшін оқу кабинеттері, практикалық кабинеттер мен зертханалар бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Колледж студенттері Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы бойынша қызықты викторина өткізді, сонымен қатар оқушылар болашақ мамандығы мен оқуы бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Мұндай кездесулер кәсіпті саналы түрде таңдауға ықпал етеді және оқушылардың техникалық және педагогикалық білім беру мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтеді.

