Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы: біздің оқытушылар – үздіктер қатарында!

Жаналықтар

    Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 13.10.-16.10.2025 күндер аралығында  өткен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы білім беру саласы бойынша аймақаралық кәсіби шеберлік конкурсына» колледжіміздің оқытушылары сәтті қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

    Сырнай Бахытгүл – І орын иегері

    Ұлжан Канатовна – ІІІ орын иегері

    Бұл жетістік – оқытушыларымыздың кәсіби біліктілігінің, үздіксіз еңбегі мен білім беру ісіне деген жанашыр көзқарасының жемісі. Жеңімпаздарымыз колледжіміздің мәртебесін арттырып, биік деңгейде таныта білді. Сіздермен мақтанамыз!

     Ерекше алғысымыз – сарапшы Камажай Кабиденовнаға!

    Байқау барысында сарапшы ретінде әділ бағалап, оқытушылардың дайындығына қолдау көрсеткеніңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздің кәсіби тәжірибеңіз бен қолдауыңыз біз үшін өте маңызды.

    Бұл жеңістер – ұжымымыздың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестерді бірге бағындырамыз деп сенеміз!