Мамандыққа алғашқы қадамдар: жаратылыстану пәнінен ашық сабақ

Жаналықтар

    Педагогикалық практика аясында Унок 23-01 тобының студенті  Ыскақ Ақниет 15 қазанда 62 мектеп-гимназиясында  4 "В" сыныбында   «Жаратылыстану" пәні бойынша ашық сабақ өткізді..

    Сабақтың мақсаты-оқушылардың тақырып бойынша базалық білімдерін қалыптастыру, байқағыштықты, танымдық белсенділікті және білімді практикада қолдану қабілетін дамыту.

    Сабақ көрнекі материалдарды, мультимедиялық презентацияны, сондай-ақ практикалық тапсырмаларды пайдалана отырып, интерактивті түрде өтті. Практикант сабақтың кезеңдерін сауатты ұйымдастырып, оқушылармен тәртіп пен кері байланысты қамтамасыз етті.

    Қатысқан оқытушылар жақсы әдістемелік дайындықты, педагогикалық мәдениетті, балаларға мейірімді қарым-қатынасты және оқытудың белсенді әдістерін қолдануды атап өтті.

    Сабақ жақсы деңгейде өтті, жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сай болды және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.