TURKICSKILLS 2025

Жаналықтар

    2025 жылғы 4-9 қазан аралығында Ақтау қаласында «TurkicSkills-2025» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.

    «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша Астана қаласы, Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжі атынан Аметов Таиржан қатысып, екінші орынға ие болды және осы беделді халықаралық сайыста күміс медальмен марапатталды.

    Таиржан барлық күрделі кезеңдерден сәтті өтіп, халықаралық деңгейде жоғары кәсіби шеберлікті, шығармашылық көзқарасты және терең техникалық білімін көрсетті. Бұл орасан жетістік — оның табандылығының, мақсаткерлігінің және сапалы дайындығының лайықты жемісі болды.

    Қатысушыны жарысқа дайындаған — арнайы пәндер оқытушысы, PhD докторы, жетекшісі Абишев Олжас Амангельдиевич. Оның кәсібилігі мен тәжірибесі студенттің жетістігіне шешуші үлес қосты.

    Айта кету керек, бұл медаль — Астана қаласы үшін WorldSkills халықаралық чемпионаттарындағы алғашқы жүлде, бұл өз кезегінде аймағымыздағы кәсіби білім берудің жоғары әлеуеті мен даму деңгейін көрсетеді.

    Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 9 қазан күні өтті және бұл оқиға өңіріміздің білім беру қауымдастығы мен кәсіби саласы үшін маңызды сәтке айналды.

    «TurkicSkills» халықаралық чемпионаты — жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға, білікті кадрлар даярлауға және түркі тілдес елдер арасында кәсіби білім мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара.

    Жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!