Колледжде ашық есік күні: талапкерлерге болашаққа бір қадам
Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледж 2025 жылғы 14 шілдеде мектеп түлектері, ата-аналар және барлық мүдделі тұлғалар үшін Ашық есік күнін өткізді. Оған 80-нен астам адам қатысты.
Мақсаты: колледж өмірі туралы толық және өзекті ақпарат беру, оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға, ата-аналармен және мектептермен кері байланыс орнатуға көмектесу.
Іс-шара аясында қатысушылар:
- Білім беру бағдарламаларымен және педагогикалық ұжыммен танысу;
- Мамандықтар бойынша шеберлік сыныптарына қатысу;
- Оқу кабинеттеріне, зертханаларға, шеберханаларға бару;
- Қабылдау ережелері мен түсу шарттары туралы білу;
- Оқудан кейiн кәсiптiк бағдар беру және жұмысқа орналасу мүмкiндiктерi жөнiнде кеңес алу.
Көңілді викториналар, сенімділік, стрессті жеңу, тайм-менеджмент, коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша тренингтер және колледж жетістіктерінің көрмесі өткізілді.
Алдағы оқу жылына 1365 талапкер қабылдау жоспарланып отыр.